Әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның басшысы Ғалымжан Ерназаров арасында дау болған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысы Ғалымжан Ерназаровпен жүздесті
Фото: видеодан скриншот
747
оқылды

Бүгін екеуі кездесіп, ортақ мәлімдеме жасады. 

«Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров екеуміз бір-бірімізді түсіністік.  Бір-бірімізден кешірім сұрадық», – дейді Наркенже Серікбаева.

Ал филармония басшысы Ғалымжан Ерназаровтың айтуынша, аталған мәселені арнайы комиссия тексерген. 

«Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Елге тарап кеткеннен кейін облыстық Мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуіміздің талап, өтінішіміз қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ. Ешақандай дау-дамай және мәселені ушықтырудың қажеті жоқ», – деді  Ғалымжан Ерназаров.

Бұған Наркенже Серікбаева филармониядағы келеңсіздіктерді айтып, халықтан араша сұраған еді.