Биыл жылыту маусымына дайындық барысы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің селекторлық кеңесінде қаралды.
Қыста жарық өшіп қалмасын деп жазда жиын өткізді
Фото: gov.kz
496
оқылды

Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2025-2026 жылғы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша салалық селекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Aikyn.kz  Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 Кеңеске әкімдіктердің, сондай-ақ  KEGOC  АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұлттық компанияларының өкілдері мен энергия кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында электр энергетикасы нысандарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жеткізілген отын үшін берешекті өтеу және энергия көздерінде отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдар мен энергия кәсіпорындарына келесі міндеттер жүктелді:

•электр стансаларында және электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

•жөндеуден кейін негізгі жабдықтарды іске қосудың мерзімдерін сақтау бойынша бақылауды күшейту;

•жеткізілген отын үшін берешекті өтеу жұмыстарын ұйымдастыру;

•коммуналдық қызмет тұтынушыларының дебиторлық берешегін және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кредиторлық берешегін азайту бойынша шаралар қабылдау;

•электр энергиясын өндіру және тұтыну режимін сақтау;

•жылыту маусымының басына дейін энергия көздерінің қоймаларында отынның нормативтік қорын қалыптастыру;

•өндірістік қауіпсіздік шараларын күшейту.

Аталған комитет күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысына тұрақты мониторинг жүргізіп, ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін уақытылы әрекет етеді.