Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Агроөнеркәсіптік кешен 13,7%-ға өсті
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
423
оқылды

Агроөнеркәсіптік кешен 2024 жылы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналды, 13,7% өсуді көрсетті. Дәнді дақылдар 26,8 млн тоннаны, ал өнімділік 16,2 ц/га құрап, 12 жылдағы рекорд орын алды.

Агроөнеркәсіп кешенінің 505 субъектісі қаржыландырылып, 3 585 субъектіге кредит берілді, 577 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатып алынды.

Жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын 80 су арнасына жаңғырту аяқталды. Жерді су үнемдеу технологияларымен қамту 1,5 есеге, яғни 470 мың гектарға дейін өсті.

Бұл шаруаларға 3,2 млн гектардан астам аумақта егіс жұмыстарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.