26 маусым күні Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында екі жасөспірім суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ қызметкерлері 7-ші қалалық жағажайда патруль жүргізу кезінде жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықта қауіпсіз аймақтан асып кеткен екі баланы байқап қалған. Олар өз бетімен жағаға қайта жүзе алмай жатқан.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарының көмегімен 13 жастағы және 16 жастағы жасөспірімдер жағаға дін аман алып шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен демалушыларға суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
- Балаларды су жанында қараусыз қалдырмаңыз;
- Қайық, катамаран, SUP-бордпен жүргенде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
- Ауа райының өзгерісі мен желдің күшін бақылап отырыңыз;
- Судағы қауіпсіздік – сіздің қолыңызда!