Алимент өндіру істері прокуратура бақылауында.
Маңғыстауда алимент есебіне пәтер өндірілді
323
оқылды

2025 жылы Маңғыстау облысы прокуратурасы алимент бойынша атқарушылық құжаттарға талдау жүргізіп, нәтижесінде 33 миллион теңге және 1 пәтер өндіріп алушылардың пайдасына берілді.

Алимент төлеуден жалтарған 26 адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік қолданылып, оларға айыппұл салынып, кейбірі қамауға алынды (ӘҚБтК 669-бап). Сонымен қатар, 5 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, айыптау үкімі шығарылды.

Прокуратура кәмелетке толмаған балалардың күтіміне алимент төлемегендерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.