Қазақстанға кезекті циклон жақындап келеді.
Шілденің алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: iStock
874
оқылды

"Қазгидрометтің" мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Алдағы күндері жаңбыр, найзағай күтіледі.

1 шілдеде еліміздің батысында және шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар  батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градус жылыны көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.