Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты ісі сотқа жіберілді
434
оқылды

Перизат Қайрат пен оның анасы Г.Алашбаеваға қатысты іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда деп айыпталады, – делінген ресми ақпаратта.