Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды. Бұл туралы енді бұрынғы Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Бекетаевтың мүлкі тәркіленген.
«Бекетаев мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-әділет министрі Бекетаевқа қарсы қылмыстық іс «Алаяқтық», «Аса ірі мөлшерде жымқыру» және «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» баптарымен тергелген», – деп мәлім етті Бегайдаров.
Айта кетейік, бүгін Антикордың ресми өкілі дәстүрлі брифинг өткізіп жатқанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаулы шығарып, Антикорды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосып жіберді.