Түркия Республикасында Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы «Анадолы-2025» халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы Күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын болады.
Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Оқу-жаттығу 3 шілдеде аяқталады деп жоспарланған.