Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды
ТЖМ
2,233
оқылды

Бүгін Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 3 пен 9-қабаттары арасындағы электр қалқанынан өрт шықты.

Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері автосаты мен баспалдақ арқылы 5 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен сыртқа шығарды. Тағы 18 тұрғын, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз