Өрт 15 шаршы метр аумақта болған және толық сөндірілді.
Оралда пәтерден өрт шығып, бес адам эвакуацияланды
ТЖМ
629
оқылды

Бүгін Орал қаласындағы Абай даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, көрші пәтерлерден бес адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.

 

Өрт 15 шаршы метр аумақта болған және толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.