Павлодар қаласының орталығында 13 жастағы мектеп оқушысына көшеде шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Tengrinews.kz жазғандай, белгісіз әйел қызды шашынан тартып, басынан ұрып, нәтижесінде ол тізерлеп құлаған. Оқиға куәгерлері болғанымен, ешкім араша түспеген.
Оқушының анасы бұл туралы полицияға арыз жазған. Медициналық тексеру нәтижесінде қыздың тізесінде жарақат, басында гематома бары анықталды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі ("Кәмелетке толмағанға қатыгездік көрсету") бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.