Кейінгі күндері Иранның оңтүстік аймақтарында ауа температурасы күрт көтеріліп, Абадан қаласы 24 сағатта әлемдегі ең ыстық қала болып тіркелді, – деп хабарлайды Аikyn.kz «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.
+51°C: Абадан әлемдегі ең ыстық қалаға айналды
Фото: pixabay.com
904
оқылды

Абадандағы температура Цельсий бойынша 51°C-қа жеткен. Бұл жаһандық жылыну көрсеткіштері бойынша өте жоғары көрсеткіш саналады. Осы ретте Иранның тағы үш қаласы – Омидия, Ахваз және Дезфул да әлемнің ең ыстық 15 қаласының тізіміне енді.

Метеорологтардың айтуынша, Иранның оңтүстігіндегі мұндай жоғары температура «қызған ауа ағындары» мен «атмосфералық ылғалдылықтың төмендеуіне» байланысты болып отыр. Бұл факторлар жылуды одан әрі күшейтіп, адам денсаулығына ауыр әсер етуі мүмкін.

Денсаулық сақтау ұйымдары тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Кішкентай балалар, қарт адамдар және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар, әсіресе тікелей күн сәулесінен қорғалуы керек. Дәрігерлер көшеге шықпауға, сұйықтық қабылдауды көбейтуге және кондиционерлерді қолдануға кеңес береді.

Бақылаушылардың айтуынша, алдағы күндері ауа температурасы қайтадан көтерілуі мүмкін. Сондықтан өңір тұрғындары мен қонақтары қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.