Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді.
Ираннан 1,5 миллион ауған азаматы қуылды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
5,197
оқылды

Иран билігі жыл басынан бері ел аумағынан 1,5 миллионнан астам ауған азаматын депортациялады. Мәжбүрлі қоныс аудару Израильмен арадағы соңғы шиеленістен кейін күшейе түсті. Сарапшылар босқындар құқығының бұзылуы мүмкін екенін атап өтті. Олардың мәліметінше, депортацияланғандар азаптауға, қатыгез қарым-қатынасқа ұшырайды. БҰҰ өкілдері депортацияны дереу тоқтатуға шақырып жатыр. Олардың айтуынша, босқындарды қайтару процесі қауіпсіз әрі ерікті түрде жүзеге асуы тиіс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.