Бұл — Түркияның ұлттық әскери технологиясын дамыту жолындағы маңызды жетістігі болып отыр.
GÖKÇE сынақтан сәтті өтті – Түркия енді дәл бағыттайтын технологияны өзі жасайды
Видеодан скриншот
1,485
оқылды

Түркия алғаш рет GÖKÇE жаңа буын бағыттау жүйесін AKINCI ұшқышсыз шабуылдау аппаратынан сәтті сынап көрді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

TRThaber мәліметінше, сынақ нәтижесінде бомба белгіленген нысанаға дәл тиді.

GÖKÇE – әуеден тасталатын бомбаларға орнатылатын ақылды бағыттау құрылғысы. Ол ұшу кезінде нысананы өзгерте алады, кез келген ауа райында, күндіз де, түнде де жұмыс істейді.

Бұл  Түркияның ұлттық әскери технологиясын дамыту жолындағы маңызды жетістігі.  GÖKÇE жүйесі AKINCI дронына толық енгізілді.