Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды
www.istockphoto.com
451
оқылды

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды, - деп хабарлайды Аikyn.kz.

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және Тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.

Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. 
Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.