29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді, – делінген арнайы хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.