Олардың 10-ы құтқарушылар мен орман қызметінің мамандары.
Түркияда орман өртінен 13 адам опат болды
Фото: 24kz
3,514
оқылды

Түркияда алапат орман өртінен 13 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Аikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Ресми деректерге сәйкес, ел аумағында 76 өрт ошағы тіркелді. Тілсіз жау 300-ден астам тұрғын үй мен бірнеше ауылды күлге айналдырды. Өрт Бурса, Мерсин, Карабюк және Сакарья қалаларына да жақындап қалған.

Орман өртіне қарсы күреске 25 мыңнан астам құтқарушы мен жүзден астам техника жұмылдырылды. Соған қарамастан жалынды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Оған аймақтағы аптап пен екпінді жел кедергі болып тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.