Өртті сөндіруге 100-ден астам маман мен 11 арнайы техника жұмылдырылған
Жетісуда 2 600 метр биіктікте тау өртеніп жатыр: өрт тікұшақпен сөндірілуде
istockphoto.com
557
оқылды

Алакөл ауданына қарасты Көкмойын атты тау шатқалында, теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте құрғақ шөптің өртенуін тоқтату бағытындағы жұмыстар әлі де жүріп жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-8 тікұшағы арқылы қосымша құтқарушылар тобы, соның ішінде «Қазаэроорманқорғау» қызметкерлері де өрт аймағына жеткізілді. Олар өрттің сол қанатындағы жұмысты күшейту үшін еңісі жайпақтау таудың баурайына қондырылды.

Өртті сөндіруге 100-ден астам маман мен 11 арнайы техника жұмылдырылған.

Ауадан МИ-8 тікұшағы су төгетін құрылғымен жұмыс істеуде, жалпы 50 тоннадан астам су шашылған.

Алайда жер бедерінің күрделі әрі арнайы техниканың жетуі қиын болуы жұмысты қиындатып отыр. Өртті толық сөндіру бағытындағы шаралар жалғасуда.