Танымал боксшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram парақшасында көпшілікті қуантқан игі ісі туралы жазба қалдырды.
Назым Қызайбай 40 баланы қуантты
Фото: gov.kz
3,699
оқылды

Назым Қызайбай бұған дейін әлеуметтік желісінде биыл 1-сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан байланыс нөмірлерін сұраған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол өзінің парақшасындағы Stories-да жариялаған жазбасында:

«Жаттығудан кейін өзіме тәнті болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, 40 бақытты бала + күлімдеген көпбалалы ата-аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді»,  деп жазды.

Бұл жазбадан белгілі болғандай, Назым Қызайбай жаңа оқу жылы қарсаңында 40 баланың мектепке дайындығына демеушілік жасап, көпбалалы отбасыларға көмек көрсеткен. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.