Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы Швейцария президентін құттықтады
3,162
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.