Республика аумағында жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +20+22°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын түседі. Күндіз ауа температурасы +27+29°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 18-23 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +31+33°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.