Аида Мұсаева баланың мінезі тыныш, ешкіммен ұрыспайтын, ескертусіз кетіп қалатын әдеті жоқ екенін айтады.
Алматыда қоқыс төгуге шыққан бала жоғалып кетті
6,350
оқылды

Алматы қаласының тұрғыны, мұғалім Аида Мұсаева 16 жастағы шәкірті Айдостың жоғалып кеткенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, оқыс оқиға Мамыр-3 ықшамауданында 10:54 шамасында болған. Жасөспірім үйден қоқыс шығаруға шығып кеткен, алайда қоқыс жәшігіне дейін жетпеген. Жоғалғанға дейінгі соңғы сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған: кадрларда Айдостың автотұрақтың жанында жүргені байқалады.

Аида Мұсаева баланың мінезі тыныш, ешкіммен ұрыспайтын, ескертусіз кетіп қалатын әдеті жоқ екенін айтады.

Қазіргі таңда оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Айдос – менің ұстазымның баласы, әріптесімнің ұлы әрі менің оқушым. Ол Қызылордадан келген, Алматыда ем қабылдап жүрген. 29 шілде күні полицияға ресми түрде арыз жазылды. @lider.kz еріктілері Айдостың жоғалғанын растады. Бұл оқиға қашып кетуге ұқсамайды. Ата-анасының ешқандай қарызы, отбасылық қиындықтары да жоқ. Құрметті, ағайын, егер Айдос туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, дереу хабарласыңыз", – деп жазды Аида Мұсаева.