Синоптиктер Түркістан, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы өрт қауіптілігі ең жоғары өңірлер деп болжады.
Ауа райы:   Қазақстанда өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды
Фото: iStock
601
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгінгі күнге ауа райы болжамын жариялап, азаматтарды от жақпауға, темекі тартпауға және шөпті қураған ағаштардың жанында өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, дауылды ескертулер келесі өңірлерде сақталады:

2-7 тамызда Атырау облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен  төтенше өрт қаупі сақталады.

2-9 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С  қатты ыстыққа дейін,  облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

2-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан  +38+43°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

2-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан  +38+43°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 7 тамызда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

7 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.

7 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде  найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облысының шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

7 тамызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бүгін күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

7 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

7 тамызда түнде Абай облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында найзайғай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.

7 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай  күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бүгін күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 7 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бүгін түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 7 тамызда күндіз Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 7 тамызда күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

 7 тамызда Қарағанды облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

 7 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.