Бурабай курортында құтқарушылар Көкшетау тауының шыңына шығып, түсе алмай қалған туристерге көмекке келді. Бұл — маңайдағы ең биік тау, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барды. Олар туристерді қауіпсіз түрде төмен түсірді.

Операция шамамен екі сағатқа созылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.