Түркістан облысында полиция жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталды.
Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6 900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.