Ұлттық банктің 15 тамызға белгіленген ресми бағамы – 538,03 теңге.
Қазақстанда доллар құны тағы шарықтап барады
1,923
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа бағамы  2,77 теңгеге қымбаттап, 540,87 теңгеге жетті. Ұлттық банктің 15 тамызға белгіленген ресми бағамы – 538,03 теңге,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы валюта айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағасы – 540,58 теңге, сату бағасы – 542,75 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар құны орта есеппен 538,62 теңгеден сатып алынса, сату құны –  545,61 теңге.

Еске сала кетейік, 31 шілдеде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздегі доллар бағамына қатысты болжамын айтқан еді.

– Менің және әріптестерімнің болжамы бойынша, доллар бағамы бәрібір төмендейді. Ол қазіргідей жоғары болмайды. Біз мұндай жағдайларды, бағамның тұрақталған кезін бұған дейін де бірнеше рет көргенбіз. Менің ойымша, Ұлттық банк бұл үшін қолдан келгенін жасайды және нарық та қажетті бағытта әрекет етеді деп ойлаймын, – деді ол Үкіметтегі брифинг барысында.