Біз осы мәсе­лелер турасында туризм сарап­шыларының пікірін тыңдап көр­дік.
Жалған турфирманы қалай анықтауға болады?
istockphoto.com
3,313
оқылды

Қазір әлеуметтік желіде арзан тур ұсынып, халықты алдап жүрген жалған компаниялардың көбеюіне не себеп? Олардың заңды тур­опе­ратордан басты айырмашылығы неде? Арзан турлардың артында кейде ұйымдасқан қылмыстық топ тұруы мүмкін деген пікір бар. Бұл қаншалықты рас? Біз осы мәсе­лелер турасында туризм сарап­шыларының пікірін тыңдап көр­дік. Туризм маманы, инфлюенсер Жансая Менилбаева алаяқтардың айласын оңай іске асыруына қар­жылық сауаттың төмендігі, жар­наманың бақылаусыз қалуы және азаматтардың тек бағаға қарап шешім қабылдауы әсер ететінін айтады.

– Кейінгі жылдары нарықта көлеңкелі қызмет көрсетушілердің саны күрт артты. Мәселен, 5 жыл бұрын Шарын шатқалына барған туристер саны қазіргімен салыс­тырғанда әлдеқайда аз болатын. Қазір қайда барсаңыз да, туристер­дің қарасы қалың, ал олардың көп бөлігін заңсыз жұмыс істейтін тур­фирмалар тасымалдап жүр. Пан­демиядан кейін халықтың сая­хатқа деген қызығушылығы артты. Әри­не, барлық адам қолжетімді бағаны іздейді. Осыны пайдалан­ған алаяқ­тар әлеуметтік желіде «ерекше же­ңілдікпен тур» ұсынып, адамдарды алдап жүр. Жауап­кер­шілік тек мем­лекетке немесе тек тұтынушыға жүктелмейді. Мем­лекет лицен­зия­лау мен бақылауды күшейтуі керек, ал әр азамат ком­панияның сенім­ділігін тексеріп, өзін қорғауды үй­ренуге тиіс, – деді маман.

Сарапшы турфирманың алаяқ­тар екенін айғақтайтын негізгі белгілерді тізіп өтті. Олар өте тө­мен баға, ресми құжаттың болма­уы, төлемді жеке шотқа сұ­рау, сондай-ақ офис пен лицен­зия­ның жоқтығы. Егер сіз таң­даған турда аталған белгілердің бірі бар болған жағдайда, бірден бас тартқан абзал.

– Олар ең алдымен «арзанға» жүгіреді, сүйенеді. Мысалы, басқа ком­паниялардан екі есе төмен бағада «бәрі қосылған» тур ұсы­на­ды. То­лық алдын ала төлем сұ­рай­ды, келісімшарт жасамайды, ал жасаса жалған құжатпен шектеледі. Әдет­те, кеңселері болмайды, тек әлеу­меттік желі арқылы байланыс ор­натады. Ал заңды туропера­тор­дың лицензиясы, кеңсесі, ресми сайты мен жұмыс телефондары болады. Клиентпен міндетті түрде келісім­шарт жасасады және ту­рис­тік сақ­тандыруды ұсынады, – деді Жан­сая Ғаниқызы.

Толығырақ мына сілтемеден оқуға болады