Себебі eGov порталы мен «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған.
Колледждерге құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Фото: istockphoto.com
3,612
оқылды

Жүктеменің мөлшерден көп болуына байланысты колледжге түсуге өтінім беру кезінде талапкерлер үшін уақытша техникалық қиындықтар байқалды. Жауапты министрлік қазір барлық ақаулар жойылғанын хабарлайды. Талапкерлер үшін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімі ұзартылды. Нақты уақытқа тоқталсақ, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 24 тамызға дейін, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 тамызға дейін және орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша   27 тамызға дейін құжат қабылданады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.