Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы көпсалалы қалалық стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.
«14 адам ауруханада»: Астанада автобус апатқа ұшырады
2,679
оқылды

Астанада Қабанбай батыр даңғылында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Mercedes маркалы қоғамдық көлік бұрылыста кюветке түсіп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға салдарынан 14 жолаушы жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы көпсалалы қалалық стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.

«Қабылдау бөлімінде олардың барлығы профильді мамандардың тексеруінен өтті. Бір бөлігі амбулаторлық емге жіберілді, қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Негізінен жолаушылар жеңіл жарақаттар алған. Қаза болғандар жоқ», – деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі таңда полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіп жатыр.