Сонымен қатар әнші Лондонда оқыған кезін де еске алды.
«Тамақты уақытылы ішіп, салмақ тастадым»: Айгүл Иманбаева АҚШ-тағы күн тәртібі жайлы айтты
1,622
оқылды

Танымал әнші әрі продюсер Айгүл Иманбаева қазіргі таңда АҚШ-та тұрып жатқанын айтып, жаңа өмір салты туралы бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесі бизнесмен Дулат Тастекеевпен болған сұхбат барысында күн тәртібі мен тұрмыс-тіршілігін баяндады.

“Қазір Америкада тұрып жатырмын. Өмірім өзгергені рас. Таңғы 5-те тұрамын. Сізге айтайын, 25 жылдан кейін асүйге кіріп, тамақ жасаймын. Тұрмысқа шыққаннан кейін, асүйге бет бұра бастадым. Алматыда тұрғанда тамақ істеуге уақытым болмайтын. Жалғыз тұрдым. Сырттан іше саламын. Үйде сіңлілерім болғанда солар жасап қояды. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіме таңғы ас дайындадым. Түрлі тамақтар мен дәмдеуіштердің атын жаттап жүрмін. Ең қызығы, уақытылы тамақ ішкесін салмақ тастадым. Кешкі 8-ден кейін ешкім асүйге кірмейді. Талабым сондай”, – дейді А. Иманбаева.

Сондай-ақ әнші Лондонда оқыған кезін де еске алды.

 

“Лондон мені сындырып, тәкаппар мінезімді орнына қойды. Шәкіртақым 900 мың теңге болды. Соны ай сайын жеткізуге тырысамын. Ол жақта елдегідей той-томалақ, концерт, кештер жоқ. Тек оқып, білім алу керек болды. Лондонға барып, өмірімде бірінші рет көше тамақтарын жедім. Алматыда жүргенде мүлдем жемейтін едім. Автобус, метромен жүрдім. Бір жыл қиналдым. Қазақстанда жеке мектебім бар. Солардың атқарушы директорларына шығып, ақша сұраған кезімді де жасырмаймын”, – деп ашық айтты ол.