Ол өзінің басынан өткен оқиғаларды айтып, ең алғаш өзіне жындардың қалай келгенін және олармен қалай күрескенін айтты.
«Сені қылғындырамыз деді»: жынмен алысқан имам басынан өткен оқиғасын айтты
1,153
оқылды

Бұл туралы Азан радиосына исламтанушы, дін маманы Санат Өскенбаев көлемді сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол өзінің басынан өткен оқиғаларды айтып, басқаларға көмектесіп болған соң, ең алғаш өзіне жындардың қалай келгенін және олармен қалай күрескенін айтты.

«Оқып келдім. Одан кейін тасбиығыңды тартасың, дұға етесің. Түнде демалғанда, үлкендер келіп: «Санат деген сен бе?» деді. Менің көзім ояу, ашық жатыр. Сосын: Иә, менмін дедім. Ұйықтай алмайсың, басып тұр, тіпті қозғала алмайсың. Үлкендігі есікпей бірдей, ал ұсқыны енді құдай сақтасын. Онда қазір сені қылғындырамыз деді. Ал мен «мені қылғындыра алмайсың» дедім. Неге екенін сұрады. Менде құрал бар дедім. Анау келіп шапты, сол бойда Аят Аль-курсиді оқыдым. Жалпы ұйықтап жатқан кезде үнемі оқимын. Ана фильмдерде лазері бар перделер болады ғой. Солар Алланың қалауымен шықты. Маған 4-5-еуі шапқан кезде олар соған күйіп қалды да, өртене кетті. Содан бері бірде-біреуі келген жоқ қой», – дейді имам.

«Сіз кәдімгі кино сияқты айтып отырсыз ғой», – деді журналист.

Ал имам не нәрсенің де сенімге негізделгенін айтып, «бәрі де сенімге байланысты, сенген адамға ол көрінеді» дейді.

Айта кеткен жөн, имам С.Өскенбаев бұған дейін адамға жынның қалай және не үшін кіретінін де айтқан.