Жарлыққа сай Пентагон басшысы Пит Хегсетт енді өз лауазымын «соғыс министрі» деп атай алады.
«Соғыс министрлігі деп атаймын»: Дональд Трамп маңызды құжатқа қол қойды
Kevin Dietsch/Getty Images
1,593
оқылды

Күні кеше Дональд Трамп өзінің 200-ші президенттік жарлығына қол қойды. Бұл құжат арқылы ол АҚШ Қорғаныс министрлігін "Соғыс министрлігі" деп қайта атады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Дәл осылай бұл ведомство Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін аталған еді. Бірақ атауды ресми түрде өзгерту үшін де, жаңа департамент құру үшін де Конгрестің мақұлдауы қажет. Сондықтан бұл қайта атау әзірге ресми күшіне енбейді.

BBC танысқан құжат мәтініне сәйкес, жарлық қорғаныс министріне, оның ведомствосына және бағыныстыларына жаңа атауды қосымша ретінде қолдануға рұқсат береді.

Жарлыққа сай Пентагон басшысы Пит Хегсетт енді өз лауазымын «соғыс министрі» деп атай алады.

"Соғыс министрлігі" атауы тек қорғаныс қабілетіне басымдық беретін “қорғаныс министрлігіне” қарағанда дайындық пен табандылықтың әлдеқайда қуатты белгісін білдіреді», – делінген жарлықта.