Ол бұған дейін италиялық Джузеппе Канноницоны 5:0 есебімен айқын жеңген. Ал Б.Жексен 1/8 финалда үндістандық Сачин Сачинді 4:1 есебімен ұтты.
Бүгін жекпе-жекке шығатын Бейбарыс Жексеннің қарсыласы – Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков
1,511
оқылды

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшының 1/4 финалдағы қарсыласы – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Абдумалик Халоков болмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұған дейін италиялық Джузеппе Канноницоны 5:0 есебімен айқын жеңген. Ал Б.Жексен 1/8 финалда үндістандық Сачин Сачинді 4:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасы екі Олимпиада чемпионымен келген. Олар –  60 келіге дейінгі салмақтағы Абдумалик Халоков және 65 келіге дейінгі салмақтағы Асадхужа Муйдинхужаев.