Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.