Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.
Маңғыстаудағы 10 адамның өлімі: Ұлттық ұлан сарбаздары көмек қолын созып жатыр
1,507
оқылды

ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Анықталғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірлерден келген.

Бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін ұшып барады. 

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.

Қаза тапқандардың ішінде – бес әйел Қарағанды облысының, біреуі Астана қаласының тұрғыны. 

– Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, – деді ІІМ ресми өкілі,  департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.