Бүгін Ливерпульдегі әлем чемпионаты әрі қарай жалғасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін бүгін – ерекше күн. Өйткені финалдық кезеңге жолдама алу үшін 7 салмақтағы 8 бірдей боксшымыз жұдырықтаспақ. Әрине, бәрі де алтын үшін таласады. Сондықтан бүгін болатын жекпе-жектердің өте тартысты болары сөзсіз. Ал ұсынылған жарыс кестесі мынадай:
16:00
48 келі. Назым Қызайбай vs Минакши Минакши
50 келі. Санжар Тәшкенбай vs Баттулга Алдаркишиг
55 келі. Махмұд Сабырхан vs Рафаэль Лозано Серрано
22:00
51 келі. Алуа Балқыбекова vs Бусиназ Чакироглу
65 келі. Аида Әбікеева vs Навбахор Хамидова
70 келі. Төрехан Сабырхан vs Сеуонрец Оказава
70 келі. Наталья Богданова vs Лекейша Перголити
+90 келі. Айбек Оралбай vs Жахонгир Зокиров