Шымкент қаласында «Таза Қа­зақ­стан» рес­публикалық эколо­гия­лық акциясы аясында жалпы қала­лық сенбілік ұйымдастырылды.
Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті
1,927
оқылды

Ша­раға қала әкімдігінің бас­қар­малары, құрылымдық бөлімдер мен мә­дениет, әлеуметтік сала қыз­мет­кер­лері және қала тұрғындары бел­сене қатысты. Қаланың тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қа­­лыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру мақсаты еткен іс-шараға шымкенттіктер жұмыла кі­рісті. 

Сенбілікке қалалық Мәдениет, тіл­дерді дамыту және архивтер бас­қармасы және оған қарасты ме­ке­мелердің 2000-ға жуық қызметкері шық­ты. Олар Сырым батыр көшесі бойын тұрмыстық қалдықтан таза­лап, 13 арнайы техниканың көме­гі­мен 28 тонна қоқыс шығарды. Со­нымен бірге 900 адамдық флеш­моб ұйымдастырылып, қала тұр­ғын­дарына экологиялық үндеу жол­данды. Шараға танымал өнер қай­раткерлерінің қатысуы тазалық жұмыстарына ерекше серпін берді.

Жұмыспен қамту және әлеумет­тік қорғау басқармасының 80-нен ас­там маманы «Достық» шағы­нау­данында сенбілік өткізді. Ақбұлақ әулие, Хан ордасы және Сыпыра жы­рау көшелерінің бойы тұрмыс­тық қалдықтан тазартылып, шама­мен 6 тонна қоқыс арнайы көлік­терге тиеп әкетілді.

Іс-шараға Ішкі саясат және жас­тар істері жөніндегі бас­қар­ма­ның қызметкерлері де қатысып, Ең­бекші ауданындағы көпқабатты үй­лер аулаларын қоқыстан тазар­тып, жасыл желектерді күтіп-бап­тады. Туризм, ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлігі басқармалары да үлес қосты.

Сенбілік жұмыстарының нәти­же­сінде Абай ауданы аумағында ғана 2 450 қызметкер мен 53 техника жұмылдырылып, 96 тонна қоқыс шығарылды. Аталған жұмыстарға аудан әкімдігі аппараты, Мәдениет, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруа­шы­лығы басқармалары және өзге де ұйымдар атсалысты. Нәтижесінде, қураған ағаштар кесіліп, шөп ша­былып, жолдар мен аяқжолдар жуыл­­ды. Қоқыс алаңшалары ретке кел­тіріліп, аулалар абаттандырыл­ды.

Жалпы, сенбілік барысында қа­ла аумағынан жүздеген тонна тұр­мыстық қалдық жиналып, таза­лық жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Ардагерлер мен белсенді аза­мат­тар да бұл бастамадан шет қал­май, өз үлесін қосты. Шымкентті таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Ұйым­дастырушылар қала тұрғын­дарын қоқысты арнайы жәшіктерге тастауға және табиғатқа жана­шырлықпен қарауға шақырды.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы