Қазақстанның бұрынғы "бірінші ханымы" Сара Алпысқызы Назарбаева бес айдан бері Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы BES.media жолдаған ресми сауалға аурухана өкілдері жауап берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Ұлттық госпитальда науқас бекітілген медициналық стандарттарға сәйкес тәжірибелі мамандардың бақылауымен ем қабылдауда», – делінген госпиталь директоры Асхат Бралов қол қойған жауапта.
Жауапта атап өткендей, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 273-бабына сәйкес, диагнозға, денсаулық жағдайына, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпия болып саналады. Оларды жария ету тек пациенттің келісімімен немесе заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана мүмкін.