Мемлекет басшысы Украина президентімен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті
Фото: Ақорда
2,132
оқылды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді. 

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.