Президент Үкіметке жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медицина қызметінің сапасын жақсартып, көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруды шегелеп тапсырды. Осы орайда «Қазіргі медицина түбегейлі өзгеріске дайын ба?» деген орынды сұрақ туады. Ал жасанды интеллект дәрігердің орнын алмастыра ала ма?
Ақылды машина адамның орнын баса ма?
2,536
оқылды

Жамбыл облыстық Ден­сау­лық сақ­тау басқармасы бер­ген ақпаратқа сүйенсек, жасан­ды интеллект жүйе­сіне өзге өңірлер сынды жам­был­дық­тар да жүйелі кө­шуде. 

– Өңірде жасанды интеллектіге н­е­­гізделген жобалар, инфрақұры­лым­­дық жаңғырту, кадрмен қам­та­ма­сыз ету және халыққа алғашқы ме­­­дициналық көмекті жеделдету ба­­ғыттарында жүйелі жұмыстар жүр­гізілуде. Биыл ақпан айынан бас­тап Жамбыл облысында ЖИ тех­­нологияларына негізделген те­ле­ра­диология жобасы іске қосылды. Об­лыстық Денсаулық сақтау бас­қар­масы мен WDSOFT компаниясы бір­лесіп, ТМД елдерінде баламасы жоқ бірыңғай радиологиялық ақ­парат­тық жүйені қалыптастырды. 22 медициналық мекеме бір желіге бі­ріктіріліп, радиологиялық зерт­теулер орталықтандырылған фор­мат­та жүзеге асуда, – дейді басқарма бас­шысы Сержан Назарбек.

Маманның сөзінше, қазір жа­сан­ды интеллектінің көмегімен диаг­­ноз дәлдігі артып, емделу­ші­лер­дің өмір сүру сапасы мен ұзақ­тығы жақсарып жатыр. Бұдан бөлек, 2023–2027 жылдарға арналған ұлттық кешенді жоспар аясында машиналық көру және когнитивті тех­­нологиялар енгізілуде. x-Eye Mam­mo сүт безі қатерлі ісігін, x-Eye Toraks өкпе обырын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жасан­ды интеллект, тіпті 1 мм көлеміндегі тү­зілістерді де көре алады. Ал адам кө­зі әдетте 5 мм-ден үлкенін бай­қай­ды екен. 

Осылайша, өңір медицинасы ЖИ-мен жұмыс істеуге толықтай бейімделуде. Ол ауруды ерте анық­тап, лайықты ем-дом қабылдауға жол ашады. Алайда бұл жасанды ин­теллект дәрігерлерді толықтай ал­мастыра алады деген сөз бе? Ме­дицина ғылымының докторы, про­фес­сор Сағындық Ордабековтің ай­туынша, ЖИ-дің тиімді де, тиім­сіз де тұстары бар. 

– Қазір жаңа технологиялардың ме­дицина саласында тигізіп жатқан пайдасы орасан. Егер заманауи құ­рыл­ғылар болмағанда мидың қат­пар-қатпар қуысында не болып жат­қанын білмес едік. Дәл сондай іш­кі құрылыста, бауыр мен бүй­рек­тің, өкпе мен жүректің жағдайын ба­қылауға мүмкіндік тумас еді. Бірақ бір ескерерлігі, ЖИ-ді де адам басқарады. Ал басқара алмаса оның арты түрлі жағдайға апарып соғуы мүм­кін, – дейді.

Сарапшының ойынша, ЖИ-мен бірге келген жаңа­лық­тың бірі – электронды медициналық карталар. Алайда білім саласындағы электронды күнделік тәрізді бұл да та­лай дәрігердің өкпе-ренішін ту­дыру­да. Бұл карталар науқас туралы ег­жей-тегжейлі мәліметті сақтап, тіп­­ті бақылап, көріп отыруға мүм­кін­дік береді. Бірақ оның қиын­шы­лығы жоқ емес. Мәселен, дәрігер нау­қас қабылдауға арналған уақы­ты­ның көп бөлігін әлгі картаны тол­тыруға, компьютерге енгізуге жұм­сайды. Міне, жаңа технология­лық медицинаның бір кемшіл тұсы – осы. 

Медициналық бейнелеуде ЖИ құралдары компьютерлік томог­ра­фия, рентген сәулелері, магнитті-ре­зонанстық томография (МРТ) жә­не басқа да радиолог мамандар жі­беріп алуы мүмкін мәліметтерді тал­дау үшін қолданылады. Өйткені ма­мандар кескіндердің зақымдалуы се­кілді кейбір ұсақ нәрселерді аң­ғармай қалуы ықтимал. 

Сағындық Ордабеков жетіл­ді­ріл­­ген жасанды интеллект дәрі­гер­лерді күнделікті қайталанатын ұсақ шаруалардан босататынына сенімді. Яғни, ЖИ-дің көмегімен дәрігер нау­қастарға көбірек көңіл бөле ала­ды. Жасанды инттеллект дәрігердің жұмыстан шаршауын баяулатып, ме­дициналық қызмет көрсету сапа­сын арттырады. Бірақ науқасқа ең бірінші керегі ЖИ емес, дәрігер. 

– Ауруға шалдыққан науқас үшін ең бастысы – адам көңілі. Олар­ға жаны ашитын, қалай қина­лып жүргенін түсінетін дәрігер қа­жет. Дүниеде сырқаттан жаман нәр­се жоқ, мұндай сәтте адам өзін жал­ғыз сезінеді. Ал оны ойлайтын дә­рігер болмаса, жағдай тіпті күр­деленеді. Сол себепті денсаулық сақ­­тау саласында алдымен адам­гер­ші­лікке көңіл бөлуіміз қажет. Ал ЖИ-де адамдық сезім болмайды. Сон­дықтан қаншалықты тиімді бол­ға­нымен, оның дәрігер мен нау­қас­тың қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін, – дейді сарапшы.

ЖИ-дің медицинада қолдануға қа­тысты тағы бір мысалды келтір­сек, рентгенологтар көп уақытын нау­қастардың рентген кескіндерін зерт­теуге жұмсайды. Бұл мамандық ие­сіне біліктілігін жетілдіру үшін көп жыл қажет. Соның өзінде де ау­ру­ды анықтау қиынға соғатын жағ­дайлар кездеседі. Өз көзқарасын дә­лелдеу мақсатында дұрыс байлам жа­самау немесе немқұрайды қарау се­кілді адамға тән қасиеттердің ке­сірінен қателіктер жіберілуі мүмкін. Ал ЖИ-дің сараптамалық бағ­дар­ла­ма­сы сыр­қатты емдеудің жолын 100 пайыз сенімділікпен көрсетіп бере­ді. 

Негізі, ЖИ мен дәрігердің үйле­сім­ді жұмыс істеуіне мүмкіндік мол. Мә­селен, ЖИ онкологиялық ауру­ды тексеруден өткізгеннен соң «мы­на науқасты химиотерапиямен ем­деу­дің тиімділігі – 97 пайыз, сәу­ле­лік терапияның тиімділігі – 78 пайыз, дәрі-дәрмекпен емдеу – 56 пайыз» деп дәрігерге бағыт береді. Кей­де қолданылатын дәрі-дәрмек­тің дозасына дейін көрсетеді. Тіпті, қарастырылып отырған ем-домның не­ше жылға дейін сәтті болатынын да айтып береді. Алайда әрі қарай ем­деу тактикасын дәрігердің  өзі ше­шеді.

ЖИ көмегімен жұмыс істейтін ме­дициналық құрылғылардың іші­нен электрокардиография аппа­ра­тын ерекше атап өтуге болады. Ұлы­британияның BTL компаниясы өн­дірген ЭКГ аппараттары науқас­тың жүрек ырғағын тері арқылы тір­кеп, оның нәтижесін лента беті­не шығарып қана қоймай, пато­ло­гия­лық ауытқуы бар-жоғына талдау жа­сап, қағазға басып шығарады. Бұл ЭКГ-ні талдаушы функ­цио­нал­дық диагностика дәрігерінің жұ­мы­сын біршама жеңілдетеді. 

Хирургия саласында 2000 жы­­лы АҚШ-тың Intuitive Surgical компаниясы шығарған Da Vinci ЖИ көмегімен жұмыс істейтін ро­бот-хирург пайдаланылса, ней­ро­­хирургияда «гамма-пышақ» кө­ме­гі­мен күрделі оталар жасалып жа­тыр. Бұл да ЖИ мен дәрігердің үйлесімді жұмысының көрінісі.

Жүрек мониторлары сияқты ме­дициналық құрылғылар өмірлік маңызды белгілерді бақылай алады, ал ЖИ осы құрылғылардан дерек­тер­ді жинап, сепсис сияқты күрделі жағ­­дайларды анықтайды. Мәселен, жа­пондық ғалымдар  IBM бағдар­ла­масы көмегімен шала туған нә­рес­­те­лерді болжау үшін ЖИ үлгісін әзір­леген. Ол  75 пайыздық  дәлдікті көр­сеткен. 

Тағы бір тың жаңалық, жыл ба­сында Қытайдың Хэньан қаласында нау­қастарға нақты диагноз қоя ала­тын жасанды интеллект жұртшы­лық­қа таныстырылды. Әлгі бағдар­ла­малық жүйе 4-8 секундтың ішінде 100 клиникалық жағдайды сараптап, әрқайсысына жеке диагноз қойып шық­қан. Сонда ақылды технология екеуінде ғана қателік жіберген. Қал­ғанында дәрігердің қойған диагно­зы­мен бірдей қорытынды шыға­рып­ты.

Міне, байқағанымыздай, жа­сан­ды интеллектінің медицина са­ла­сындағы рөлі маңызды. Алайда «ақыл­ды» технологияның өзін адам ақыл­мен пайдалану керек. Ең бас­ты­сы, жасанды интеллект қанша­лық­ты дәлдікпен диагноз қойса да, адам өмірі мен денсаулығына кел­ген­де дәрігердің шешіміне жүгін­ге­ні­міз абзал.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы