Іс бойынша бір адам күдікті ретінде ұсталды
Қонақүйлерге тыңдау құрылғыларын орнатқан күдікті ұсталды
istockphoto.com
1,347
оқылды

Анкарада тыңдау және қадағалау құралдарын орнатумен байланысты күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

TRThаber мәліметінше, Анкара қаласында арнайы операция барысында қонақүйлерге орнатылған тыңдау және жазу құрылғылары тәркіленді. Бұл құралдар бұрын да туристік қонақүйлерден алынған құрылғыларға ұқсас болып шыққан.

Іс бойынша бір адам күдікті ретінде ұсталды. Құқыққорғау органдары бұл құрылғыларды интернет арқылы сатқан деген болжам айтады. Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда.