Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Қазақстан-Италия: тараптар келіссөз кезінде білім саласына да айрықша тоқталған
461
оқылды
– Қазіргі таңда Италияның үздік жоғары оқу орындарында Қазақстанның 4 мыңнан астам студенті білім алып жатыр. Сол үшін Италия үкіметіне алғыс айтамын. Биыл Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің негізінде Марке политехникалық университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Оқу орны жас ұрпақтың жоғары сапалы білім алуына мүмкіндік береді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Серджо Маттарелламен бірқатар халықаралық өзекті мәселе бойынша пікір алмасқанын жеткізді.

– Қазіргідей күрделі кезеңде қарулы қақтығыстардың ушығуына қатысты алаңдаушылық білдірдік. Қос тарап барлық түйткілді Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына сәйкес, бейбіт және саяси-дипломатиялық жолмен шешу керек деп санайды. Қазақстан мен Италия халықаралық ықпалдастықты күшейтуге мүдделі. Жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту ісіне белсене атсалысуға дайын. Біз бір-біріміздің бастамаларымызды үнемі қолдап келеміз. Көпжақты дипломатияны одан әрі дамытуға ерекше мән береміз. Осы орайда, «Орталық Азия – Италия» диалог алаңы аймақтық деңгейдегі әріптестігімізді жандандыра түсері анық. Италия тарапының бастамасымен оның алғашқы отырысы биыл Астанада өткенін білесіздер. Осылайша, халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастығымыз нығайып келеді. Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанды дамыту орталығын ашу туралы бастамаға қолдау көрсеткені үшін Италия тарапына зор алғыс айтамын, – деді Президент.