Жайықтан жеткен циклоннан аймақтардағы ауа райына әсер етеді
Жайықтан жеткен циклоннан аймақтардағы ауа райына әсер етеді
Фото: Айтжан Мұрзанов
390
оқылды
Бүгін Қазақстан аумағының көп бөлігіне Жайықтың үстінде орналасқан циклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыста жауын-шашын көп түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде жел соғады. Күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ сақталады, жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ бұрқасын күтіледі, жел кей жерлерде ­- 15-20, түнде екпіні ­- 23-28 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазасқстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз боран соғуы ықтимал. Ақмола облысында жел түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-22 м/с. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғады. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ, Батыс Қазақстан облысының кей бөлігінде қалың тұман түседі.