Жедел штабтың хабарлауынша, Мәскеуде коронавирус жұқтырған егде жастағы әйел қайтыс болды, - деп жазады РИА Новости.
Әйел бірнеше созылмалы ауруға шалдыққаны анықталды.
"Егде жастағы әйел бірнеше ауруға шалдыққан, оның ішінде 2-типтегі қант диабеті, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, несеп-тас ауруы және тағы басқа. Науқасқа жансақтау бөлімінде интенсив терапия жасалған. 79 жастағы әйел ауруханаға 13 наурызда түскен. Ал 14 наурызда туыстарының өтінішімен жекеменшік медициналық мекемеге ауыстырылды", - деп жазады басылым.
Қазіргі уақытта әйелмен байланысты болғандар анықталды, оларды дәрігерлер бақылап жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде 147 адам коронавирус жұқтырып, 1 адам қайтыс болды.