Болашақта жағдай жақсарады деген сенім бар.
Ауыл тұрғындарының 65% өміріне көңілі толады – Ұлттық статистика бюросы
Фото: istockphoto.com/ru
482
оқылды

Ұлттық статистика бюросы «Халықтың өмір сүру сапасы» тақырыбында сауалнама жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Pеспонденттердің 53,2% (өздерінің субъективті бағалауы бойынша) өмір сүру жағдайына қанағаттанатынын, 46,3% – жартылай көңілі толатынын айтқан. Ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайына қанағаттанғандар үлесі (65,4%) қалалық жерлерге қарағанда (51,7%) жоғары. 

Өткен жылғы сәйкес зерттеумен салыстырғанда, халықтың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 2024 жылы 52,5%-дан 2025 жылы 53,2% дейін өсті. 

Респонденттердің 51% денсаулықтарына қанағаттанатындарын, 46,4% – жартылай қанағаттанатындарын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда (2024 жылы – 49,5%), денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайыздық тармаққа артты. 

Материалдық қамтамасыз етілу деңгейі (табысы) бойынша респонденттердің 73,6% өздерін орташа қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызады. 

Респонденттердің 65,8% туыстары немесе таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенімді екенін көрсетті. 

Сауалнамаға қатысқандардың 73% өз болашағына сенімді және келешекте жағдай жақсарады деп есептейді.