Жазушы-сатирик Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арнал­ған X Республикалық «Айтқыш­тар Ақтөбеде» әзіл-сықақ фес­тивалі екі күнге созылып, ха­­лық­­қа көтеріңкі көңіл күй сый­­лап, өз мәресіне жетті.
Сатира серілері Ақтөбеде сайысқа түсті
1,428
оқылды

Әзіл мен сатираны серік еткен өнер ұжымдары елдің түк­пір-түкпірінен жиналып, сах­нада өз шеберліктерін көрсетті. Фестиваль көрермен ықыласына бөленіп қана қоймай, қазақ сатирасының жаңа тынысын айқындады.

Бас жүлде – «Үздік театр (Айт­қыштар)»: Алматы қала­сынан келген «Бәке, Сәке» әзіл-сықақ театрына бұйырып, 1 000 000 теңге табысталды.

«Үмбетбай Уайдин атындағы жүлде»: Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры (500 000 тг).

«Сейіт Кенжеахметов атын­дағы жүлде»: «Ара-Атырау» сати­ра театры (Атырау қаласы, 500 000 тг).

«Көпен Әмірбек атындағы жүлде»: «Бозжыра» әзіл-сықақ театры (Маңғыстау облысы, 300 000 тг).

«Асқар Наймантаев атындағы жүлде»: «Әзілизация» әзіл-сықақ отауы (Қызылорда облысы, 300 000 тг).

«Нұрдәулет Ақжігітов атын­дағы жүлде»: «Көңілашар» әзіл-сықақ театры (Атырау қаласы, 200 000 тг).

«Дархан Дайырбек атындағы жүлде»: «Қожа» әзіл-сықақ теа­тры (Батыс Қазақстан облысы, 200 000 тг).

«Үздік ер адам рөлі»: «Боз­жыра» театрының көркемдік жетекшісі Қайырбек Нұров (100 000 тг). 

«Үздік әйел адам рөлі»: «Қо­жа» театрының артисі Данагүл Жұмабаева (100 000 тг).

Фестивальдің әділ әрі әділетті өтуіне қазылар алқасы атсалысты. Қазылар құрамында белгілі сатирик, жазушы, өнер мен қоғам қайраткерлері төрелік етті. Олар: Мұхтар Шерім (төраға), Мариям Алданова, Қаракөз Тілеубекова, Нұрлыбек Жұбатқан, Зәмзәгүл Кенжеах­метова, Елтай Кемал, Әлихан Жақсылық.

Айтулы шараға қатысушылар Ақтөбе облысы әкімдігіне, Мә­дениет басқармасы мен Облыс­тық филармония ұжымына, сон­дай-ақ «Екі езу» сатира теа­тры­ның шығармашылық құра­мына ерекше алғыс білдірді.

«Айтқыштар Ақтөбеде» фестивалі – әзіл мен сатира ар­қылы қоғамдағы құбылыстарды астарлап жеткізетін, ұлттық өнердің биігін айқындайтын бірегей жоба екенін тағы бір дәле­л­деді.

Бас жүлдені Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжат­тама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова табыстады.