Волейболшы сыйлықты кімнен алғанын ашпады, бұл жанкүйерлер арасында қызығушылық туғызды.
Атақты волейболшы Сабина Алтынбекова туған күнін ерекше атап өтті
508
оқылды

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында туған күніне арналған ерекше сыйлығын көрсетіп, желі қолданушыларын таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

28 жастағы спортшының туған күні қарашада болса да, ол екі апта бұрын өзіне жаңа автокөлік сыйланғанын жариялады.

«Туған күнім әлі бір айдан кейін, бірақ мен өзімнің алғашқы сыйлығымды алдым. Мүмкін, менде болған ең ыңғайлы көлік осы шығар. Рақмет!», – деп жазды Сабина.

Волейболшы сыйлықты кімнен алғанын ашпады, бұл жанкүйерлер арасында қызығушылық туғызды.