Жалпы, көшбасшылар саны жағынан Қазақстан бірінші орынға шығып отыр. Біздің елдің жеті боксшысы (4 – ер, 3 – әйел) өз салмағында көшбасшы атанған. Ал Өзбекстанның алты боксшысы (барлығы ерлер) өз салмақтарында бірінші тұр.
Бокстан әлемдік рейтингте  Өзбекстан Қазақстанды басып озды
olympics.com
380
оқылды

World Boxing Халықаралық бокс федерациясы алғаш рет әлемдегі ең үздік боксшылардың рейтингін жариялады. Көшбасшылардың негізгі бөлігі Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларынан тұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтингке Өзбекстаннан – 12 боксшы (7 – ер, 5 – әйел), Қазақстаннан 11 боксшы (6 – ер, 5 – әйел) еніп отыр. Сонымен қатар:

Түркия – 8 (7 – ер, 1 – әйел);

Бразиялия – 7 (3 – ер, 4 – әйел);

Қытай – 6 (4 – ер, 2 – әйел);

Англия, Үндістан, Жапония – 5.

Жалпы, көшбасшылар саны жағынан Қазақстан бірінші орынға шығып отыр. Біздің елдің жеті боксшысы (4 – ер, 3 – әйел) өз салмағында көшбасшы атанған. Ал Өзбекстанның алты боксшысы (барлығы ерлер) өз салмақтарында бірінші тұр.

Салмақ дәрежесіне байланысты емес жалпы рейтингтегі жағдай мынадай:

Әйелдер арасында әлемнің ең үздік боксшысы атағына польшалық Юлия Шеремета (57 кг) иелік еткен – 2 075 ұпай. Ол World Boxing ұйымы құрылғалы Олимпиада ойындарында (2024 ж.), әлем кубогында және әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы сапынан үздік көрсеткіш Назым Қызайбайда (51 кг). Ол 1 750 ұпаймен рейтингтің төртінші сатысына жайғасқан.

Ерлер арасында өзбектің екі боксшысы – Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхуджа Муйдиндужаев (65 кг) бірінші орында тұр. Екеуі де 3 000 ұпайдан жинады. Қос боксшы да Париждегі Олимпиада мен Ливерпульдегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.

Қазақстаннан ең үздік көрсеткіш Айбек Оралбайда (+90 кг). Ол 2025 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан. Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) бесінші орынды өзара бөліскен, әрқайсысында 1 650 ұпайдан.

Айта кету керек, рейтингтегі ұпайлар саны боксшылардың World Boxing ұйымдастырған жарыстардағы нәтижелеріне қатысты есептеледі.