Адамға көмегі тиер кеңестер
Күнделікті шығынды қалай азайтуға болады: қарапайым 7 тәсіл
794
оқылды

Бүгінгі өмірде табыс өссе де, ақша үнемі жетпей жататыны рас. Себебі мәселе көбіне табыстың аздығында емес, оны дұрыс жұмсай білмеуде. Күнделікті ұсақ-түйек шығындар байқалмай, ай соңында үлкен соммаға айналады. Сондықтан үнем — байлықтың бастауы. Төменде ақшаны тиімді пайдаланып, артық шығынды қысқартудың жеті қарапайым жолы берілген.

1. Бюджет жүргізу — алғашқы қадам. Күн сайын неге, қанша ақша жұмсайтыныңды жазып жүр. Бұл өз шығыныңды түсінудің ең сенімді жолы. Телефондағы қарапайым «Notes» не арнайы қосымшалар (мысалы, Money Lover, Wallet) көмектеседі. Ең бастысы — бақылау бар жерде рет бар.

2. Сатып алуды жоспарла. Көпшілік артық шығынды «қажетсіз сатып алудан» жасайды. Маркетке не базарға бармас бұрын нақты тізім жасап ал. Ал тізімнен тыс нәрсені көрсең — бір ереже есте болсын: «Оны менсіз өмір сүре алам ба?» деп өз өзіне сұрақ қой. 

3. Күн сайын аздап үнемде. Кофе, темекі, такси — ұсақ көрінгенмен, айына үлкен сома. Мысалы, күн сайын 1000 теңгеден үнемдесең, ай соңында 30 000 теңге қалтаңда қалады. Бұл — жаңа кітапқа, киімге не шотқа төлемге жетеді.

4. Дисконт пен акцияны дұрыс қолдан. Кейде жеңілдікке қызығып артық алу — үнем емес, ысырап. Тек шын керек нәрсеге ғана акциямен ал. Ал қажетсіз «-30%» жазуы бар заттар — артық заттың ең қымбат түрі.

5. Қайта пайдалануды үйрен. Қап, банка, шыны, киім, тіпті жиһазды да жаңартып қолдануға болады. Бұл — тек ақша емес, экологияны да сақтайтын дағды. Қазақтың «ысырап» деген сөзі бекер емес.

6. Үйде тамақ істе. Күн сайын сырттан тамақ ішу — ең байқалмайтын, бірақ үлкен шығын көзі. Үйде дайындалған тамақ әлдеқайда арзан әрі пайдалы. Аптасына бір рет азық-түлік алып, мәзір құрып алсаң, уақытың да, ақшаң да үнемделеді.

7. Мақсат қой. Ақшаны үнемдеу үшін нақты мақсат болу керек: сапар, жаңа аспап, оқу немесе төлем. Мақсатсыз үнем — қысқа ғұмырлы. Ал нақты арманың болса, әр үнемделген теңге қуанышқа айналады.

Үнемдеу — сараңдық емес, саналы өмір сүрудің тәсілі. Әр теңгеге мән беріп, әр шығынды бақыласаң — қаржы тұрақтылығы өздігінен келеді. Ең бастысы, аздан бастау. Кеше жұмсағаныңды ойлап, бүгін бір қадам болсын саналырақ шешім қабылда